Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Тұрғын үй құрылыс жинақ банк университетпен келісімге келді

Қызылорда: Тұрғын үй құрылыс жинақ банк университетпен келісімге келді

Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ректоры Б.Кәрімова мен Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің (ҚТҚЖБ) Қызылордадағы филиалы директоры Ә.Сәулебаев әріптестік туралы келісімге қол қойды.

Аталған келісімге қол қою барысында ҚТҚЖБ өкілі университет қызметкерлеріне мемлекеттік «Шаңырақ», «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша тұрғын үй сатып алуды рәсімдеу, ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесі туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, универститет ұжымына ай сайынғы несие өтемін жалақы есебінен төлеуді оңтайландыру, «ТҚЖБ 24» интернет-банкинг жүйесі және жыл соңындағы 20 пайыздық үстеме сыйлықақы туралы толыққанды ақпарат берді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚТҚЖБ – 2003 жылы құрылған екінші деңгейдегі банк, оның 100% жарғылық капиталының иегері мемлекет болып табылады. Банктің негізгі мақсаты – жеткілікті қаражаты жоқ, бірақ тұрақты табысы бар азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін несие алуына мүмкіндік жасау.

Банк өкілі облысымыздың үй жағдайын жақсарту мақсатында депозит ашқан тұрғындармен жүргізілген өңірлік ҚТҚЖБ бөлімінің жұмысымен бөлісті.

«Әріптестік келісімі нәтижесінде университет қызметкерлері баспана жағдайын жақсартып, тұрғын үй мәселесінің шешімін табады», – деді Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің (ҚТҚЖБ) Қызылордадағы филиалы директоры Ә.Сәулебаев.
04 желтоқсан 2020 ж. 128 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области