Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіхалықова: Байқоңырда 2021 жылы 5 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады

Гүлшара Әбдіхалықова: Байқоңырда 2021 жылы 5 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен кезекті облыстық мәслихат сессиясы өтті.

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Алдымен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірде атқаралған жұмыстар туралы есеп беріп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №374 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы баяндады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова «Шиелі ауданы Шиелі кентінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шағын үйін ашу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 161 шешіміне өзгерістер енгізу туралы айтса, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова «Қызылорда облысының мемлекеттік органдарына талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Қызылорда облыстық маслихатының 2019 жылғы 7 ақпанындағы № 298 шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады.Сессия отырысында облыс әкімі ағымдағы экономикалық жағдайға қысқаша тоқталып өтті.

«Тұрақты табыс пен халықтың өмір сүру сапасы – біздің ең маңызды басымдықтар болып қала бермек. Осы жылға арналған Жұмыспен қамтудың Жол картасы аясында жалпы сомасы 40,1 млрд теңгеге 291 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделген, бұл 10 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтиды. Биыл облыста 1946 пәтерлік 98 көппәтерлі тұрғын үй салынуда, оның 969 пәтерлік 74-і жыл соңына дейін пайдалануға берілуде. Өткен жылы Байқоңыр қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 30 жылда алғаш рет 250 пәтерлік бес тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Кезекте тұрған 1300-ден астам қазақстандықты ескере отырып, Байқоңыр қаласында тағы да елу пәтерлік 5 үйдің құрылысын 2021 жылы бастау туралы шешім қабылданды. Бүгінде облыс халқының 97%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген және халықтың 63%-ы табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Маусым айында Арал ауданының Жақсықылыш кентіне газ орнатылды. Келесі жылы жалпы саны 50 мың халық тұратын 5 елді-мекенге, оның ішінде 3 аудан орталығына көгілдір отын беріледі. Нәтижесінде, жыл соңына дейін облыс халқының 70%-ы табиғи газға қол жеткізеді деп жоспарлануда.

Облыста 498 шақырымнан астам көлік жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөнделді. Әлеуметтік салада 30 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді. Денсаулық сақтау саласында аудандық орталық ауруханалар салу мәселесі шешілген.Аймақта Ковид індеті күшейген жағдайда, 3200 инфекциялық төсек-орын 21 стационарда дайын.

Алдағы 10 күндікте 200 орындық модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын пайдалануға беріледі деп күтілуде. Медициналық ұйымдар 682 оттегі концентратормен, 244 ИВЛ және 60 рентген аппаратымен жабдықталған. Спорт саласында «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы аясында 22 жоба іске асты. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 дене-шынықтыру кешендері салынды.

Қашықтан оқытуға қажет мектеп теңгеріміндегі 14 мыңнан астам компьютер оқушыларға берілді. Бюджет қаражаты мен демеушілер есебінен 27 мыңға жуық компьютерлік техника сатып алынды, олар тұрмысы төмен отбасының балаларына табысталған.

2019 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына 7 млрд теңге инвестицияланса, биылғы жылдың тек 10 айында көрсеткіш 10 млрд. теңгеден асты. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты шамамен 11%-ға өсті, оның ішінде 98% – қайта өңделген өнім.

Биыл Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық карта қабылданды. Оның аясында экономиканың түрлі салаларында 265 жобаны іске асыру жоспарлануда. Облыста алғашқы рет дайын өнімдер: консервіленген түрлі ет өнімдері, қарақұмық жармасы, арпа ботқасы, макарон, сұйық сабын, антисептик шығарыла бастады.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойыша облыстық бюджеттің түсімдерін 1 625 358 мың теңгеге ұлғайту жоспарланса, 2020 жылға арналған облыстық бюджеттен бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген және пайдаланылмаған қаржылар қысқартылуда. Қысқартылған қаржы облыстық сәулет, құрылыс және қала құрылысы, ауыл шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, қаржы басқармаларына қайта бағытталуда.

Сонымен бірге, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бюджеттік бағдарламасына ішінара өзгерістер енгізілуде.

Осы өзгерістерге сәйкес облыстық бюджеттің көлемі 328,5 млрд теңгені құрап отыр. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында Шиелі ауданында 2018 жылдан бастап денсаулығына байланысты күтімді қажет ететін зейнеткерлерге, 1-ші, 2-ші топ мүгедектеріне және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету «Думан-Шиелі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастамасымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ұйымы ашылып, аудан халқына қызметтердің 8 бағыты бойынша қызметтер көрсетуде.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 50 орындық сыйымдылығы шағын үйлер желісін дамыту бағытында жаңа құрылыстар жүргізудің сметалық құны 1,2 млрд тенгені құрайды. Аталмыш үйді мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында ашу тиімді екендігі зерделеніп, әлеуетті жеке кәсіпкердің бастамасымен жүзеге асырылды.

Ағымдағы жылы Шиелі ауданында 152 адам, оның ішінде 117 зейнеткер, 35 тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі бала қызметтермен қамтылды. Төтенше жағдайға байланысты мекеменің жұмысы 27 наурыздан бастап уақытша тоқтатылды. Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында хабарлама беру арқылы жұмыстары 11 қыркүйектен қайта басталып, қызмет алушыларды қабылдауда. Жобаны жүзеге асыруға бөлінген қаржы қараша нақтыланып, үнемделген қаржы кері қайтарылады.

2019 жылдың наурыз айында Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы «Қызылорда облысының мемлекеттік органдарға талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясымен келісім-шартқа отырған. Жоба аясында 2020 жылдың сәуір айына дейін 77 мемлекеттік мекемелерді талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту арқылы жоғары жылдамдық интернет жүйесімен қамтамасыз етілді.

Жоғарыда аталған жоба бойынша қала және аудандық ветеринария бөлімдері жабылуына орай оптикалық байланыс желісіне қосылған нүктелері азайып, үнемделген қаржыны облыстық бюджетке қайтаруға ұсыныс берілді.
04 желтоқсан 2020 ж. 182 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области