Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «7 KZ Сыр табиғаты»: Жүзімнің 150 мыңға жуық элиталық көшеті өсірілуде

«7 KZ Сыр табиғаты»: Жүзімнің 150 мыңға жуық элиталық көшеті өсірілуде

Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі күнге дейін Сыр бағбандары жеміс ағаштарының көшеттерін көршілес Түркістан облысына қарасты Сарыағаш және Қазықұрт аудандарындағы тұқым шаруашылықтарының питомниктерінен сатып алып келген еді.

Дегенмен, ол жақтың ауа райы жергілікті жердікімен сәйкес келмеуінен және топырағының ерекшеліктеріне байланысты еккен көшеттердің 40-50 пайызы жергілікті жерге жерсіне алмай, қурап қалуда.

Осыған байланысты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының бастамасымен өткен жылдың тамыз айында Жаңақорған ауданына қарасты «7 KZ Сыр табиғаты» ЖШС-гі базасында элиталық көшет өндіріп-өсірумен айналысатын аттестатталған тұқым шаруашылығы ашылған болатын.

Бұл – облыс бойынша жеміс ағаштарының элиталық көшеттерін өндіріп – өсірумен айналысатын бірден-бір тұқым шаруашылығы. Мұнда өсіріліп, жергілікті жердің ауа райы мен топырағына жерсіндірілген көшеттер алдағы жылдары облыс аумағына тиімді бағамен сатылатын болады.

Қазіргі таңда «7 KZ «Сыр табиғаты» ЖШС-гінің питомнигінде алма, өрік, шабдалы, алмұрт ағаштарының және жүзімнің 150 мыңға жуық элиталық көшеті өсірілуде. Бағалары да қолжетімді болмақ.
Бұдан басқа аталған шаруашылықта грек жаңғағы мен миндаль (бадам) ағаштарының және арша ағаштарының бірнеше сорттарының көшеттері өсірілуде.

Жеміс ағашын өндірістік негізде өсірем дейтін шаруашылықтарға және кәсіпкерлерге «Тұқым шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша элиталық көшеттерге 50 пайыз субсидия төленбек (2020 жылы 002 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы аясында бір шаруашылық 3500 дана элиталық көшетке 1204,0 мың теңге субсидия алды).

Облыс бағбандарын жерсіндірілген элиталық жеміс ағаштарының көшеттерімен толық қамтамасыз ету үшін 2021 жылы Жаңақорған ауданынан тағы да бір элиталық көшет өсірумен айналысатын тұқым шаруашылығын ашу жоспарлануда. Осы мақсатта тұқым баққа жер бөлу үшін тиісті сала мамандарымен жұмыстар жүргізілуде.
07 желтоқсан 2020 ж. 174 1

Оксана от 7 желтоқсан 2020 19:32
Здравствуйте!

Мне звонит Оксана, я представитель Crezu LLP. Наш проект
агрегирует
актуальные предложения кредитному рынку Казахстана и отбирает те, которые соответствуют критериям пользователя.

Почему я тебе пишу?

Нам интересен ваш информационный ресурс и мы хотели
бы разместить вашу статью или новость с активной ссылкой на нашем сайте.
Пожалуйста, напишите условие, если это возможно

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области