Қызылордада 1 млн теңге жымқырған алаяқ әйел ұсталды

Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың қыркүйек айында жәбірленуші бір таныс әйел оған «ракушка» құрылыс кірпішін сатып алуға көмектесуге уәде берген. Жәбірленуші сеніп, бірден оған 1 млн теңге сомасын төледі. Көп ұзамай жәбірленуші ешқандай нәтиже болмағандықтан, ақшасын қайтаруды талап етеді. Алайда алаяқ ақшаны қайтармаған.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 1987 жылы туған облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол өзінің жасаған іс-әрекетін толығымен мойындады.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 бөлігі (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.