Қызылордада жылу беру станциясынан электр қозғалтқышын ұрлағандар ұсталды
Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында жылу беру станциясынан электр қозғалтқышын ұрлаған ауыл тұрғындары ұсталды.
21 қазанда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне жеке серіктестік директорынан Бесарық ауылына кіре беріс жолдың тұсындағы жылу беру станциясының ішінде орнатылған электр қозғалтқыштың ұрланғандығы және келтірілген шығынды өтеуге ықпал ету туралы арыз келіп түсті.
Қылмыстық әрекеттің салдарынан аталған мекемеге 401 200 теңге шығын келтірілген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде Шиелі ауданының 2 тұрғыны ұсталды. Олар істеген қылмыстарын толық мойындады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 бөлігі 3 тармағымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.