Қызылордада 7 аккумулятор ұрлаған тұрғындар ұсталды

Арызда көрсетілгендей белгісіз тұлғалар серіктестіктің ғимаратынан темір торды бұзып, 7 қызметтік көліктен аккумуляторлар және кілттер жинағын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құраған.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті 3 қала тұрғыны қолға түсті.
Қазір күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.