Қызылорда: Темекі ұрлап, қамауға алынды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны ұрлық туралы арызданды.
Анықталғандай, 22 қараша күні азаңғы сағат 10:30-да дүкен алдында тұрған «Газель» маркалы автокөліктен белгісіз біреу жүргізушінің құлыпталмаған көлікті тастап кеткенін пайдаланып, салоннан құны 130 мың теңгеге жуық тұратын 26 блок темекісін ұрлап кеткен.
Полиция қызметкерлері бірнеше сағаттан кейін күдіктіні ұстады. Күдікті бұрын сотты болған 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол басқа да 2 ұрлыққа қатысы бар екенін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (үй-жайға немесе көлік құралына заңсыз кіріп жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары жүргізілуде.