Қызылордада 6 рет қылмыс жасаған ұры ұсталды

Ол үй иелері болмаған уақытта, аулаларына кіріп үй ішіндегі бағалы заттар мен велосипедтерді қолды еткен.
Тексеру барысында күдіктінің облыс орталығында жасалған осы тектес басқа да 6 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Айғақ заттар тәркіленді.
«Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.