Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлттық банк 2, 5 және 10 мың теңгелік банкноттарға қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк 2, 5 және 10 мың теңгелік банкноттарға қатысты мәлімдеме жасады

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық банк халықтың өтінішін ескеріп, 2006 жылы шығарылған 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін келесі жылдың бірінші ақпанына дейін ұзартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімі 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартылды.

«Халықтың өтінішімен айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себепке байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген», – деді банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.

Айта кетсек, қазақстандықтар ескі банкноттарын Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбастай алады. Олардың мекенжайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат банктің сайтында жарияланған.

1 ақпаннан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.
23 желтоқсан 2020 ж. 165 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области