Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. 24 желтоқсанында республиканың солтүстік жартысында, шығысында қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

24 желтоқсанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік жартысында, шығысында және қиыр оңтүстігінде қар жауады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады. Қазақстанның қалған аумағына антициклон ықпал етеді, сондықтан күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, боран соғады, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күшейіп, жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал.

Алматы, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде түнде қатты аяз болады.
24 желтоқсан 2020 ж. 122 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области