Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тоқаев: Роза Бағланованың есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым

Тоқаев: Роза Бағланованың есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы әнші, КСРО-ның халық әртісі Роза Бағланованың есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Касым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
«2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы. Майдан даласында ән салған Р.Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал. Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым»,- делінген хабарламада.
Роза Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Ол 1955 жылы Қазақстанның және 1967 жылы бұрынғы КСРО халық артисі, 1996 жылы Халық қаһарманы атағын алған.
02 қаңтар 2021 ж. 223 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области