Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер 102 жастағы кейуананы құттықтады

Қызылордалық полицейлер 102 жастағы кейуананы құттықтады

Kyzylorda-news.kz. Жаңа жылдың алғашқы күнінде Қызылорда облысы Полиция департаменті Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 102 жастағы қарт тұрғын Батти Аманбаеваны құттықтады.

Батти әжей отбасымен Жалағаш ауданы, Еңбек ауылында тұрады. Ол 7 баланы дүниеге әкеліп, қазіргі таңда олардың үшеуі үлкен әулетке айналған.

Бүгінгі күні қарт ананың 21 немересі, 38 шөбересі және 12 шөпшегі бар.

Өткен жылы Батти Аманбаеваға Жалағаш ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

Ғасыр жасаған әже жаңа жасымен құттықтап келген полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, оларға ақ батасын берді.
05 қаңтар 2021 ж. 144 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области