Қызылордалық полицейлер ардагерге құрмет көрсетті
Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында ішкі істер органының ардагері, өлкетанушы-журналист Болатбек Нұржановтың 60 жас мерейтойына орай салтанатты жиын өтті.Жиын барысында Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының кеңесшісі, департаменттің «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Серікбол Тұңғышбай сөз алып, мерейтой иесін Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттады.
Сондай-ақ, салтанатты жиында сала ардагері, отставкадағы полиция подполковнигі Бағланбек Доспенбетов, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы Әзиз Батырбеков, аудандық мәслихат депутаты Ақділдә Қыпшақбаев, аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция подполковнигі Базарбай Ержанов сөз сөйлеп, мерейтой иесінің өмір жолы, қызметі, шығармашылығы туралы сөз қозғады.
Амантұрұлы сала ардагерін 60 жас мерейтойымен құттықтап, сый-сыяпат жасады.
«Болатбек Нұржанұлы ішкі істер саласында біраз жылдар бойы қызмет атқарды. Қазіргі таңда құрметті зейнет демалысына шықса да, полиция бөлімімен тығыз байланыста болып, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Аудандық газетке полиция қызметкерлері мен ардагерлері жайлы портреттік мақалалар жариялап, олардың ерлік істерін көпке үлгі етуде. Ағамызды мерейтойымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, отбасына бақ-береке тілейміз», - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрлан Ағаділов.
Жиын соңында Болатбек Нұржанов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.