Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер Конституция күнін атап өтті (ФОТО)

Қызылордалық полицейлер Конституция күнін атап өтті (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Мемлекеттік Рәміздер аллеясында Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы және Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, ішкі істер органдары ардагерлері қатысуымен мерекелік шара өтті.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Туы әкелініп, мемлекеттік Әнұран орындалды. Одан кейін ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғынбаевтың арнайы құттықтау жеделхаты оқылды.
Облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сұлтан Бектөре сөз алып, жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Қызметтік міндетін қажырлы әрі адал орындаған ішкі істер органдарының қызметкерлерін марапаттады.
Сондай-ақ, ішкі істер органдарында көпжылғы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін ардагерлер департамент басшысының Құрмет грамотасына ие болды.
Қызмет бабымен жүріп ерлік жасаған 3 қызметкерге де марапаттары салтанатты жағдайда табыс етілді.
Мерекелік шара жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.

29 тамыз 2019 ж. 515 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области