Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық үздік полицейлер марапатталды

Қызылордалық үздік полицейлер марапатталды

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесіне орай, Қызылорда облысы Полиция департаментінде мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік шарада «Тұңғыш Президенттің өмір жолы» атты бейнеролигі назарға ұсынылды. Мұнан соң Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау хаты оқылып, Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитов сөз алып, департамент қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады.
Салтанатты шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізген полиция қызметкерлері мен ардагерлер марапатталды.
Мерекелік шара мұнан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.



30 қараша 2018 ж. 631 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области