Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚҰНЫ 500 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ 10 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСУДА

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚҰНЫ 500 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ 10 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСУДА



    Қызылорда облысында инвесторлармен бірлесіп экспортқа бейімделген 10 ірі өндірістік жоба жүзеге асуда. Бұл туралы облыс әкімі әкімі Қ.Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
    Мәселен, түрік инвесторлардың атсалысуымен керамикалық плита және гранит шығаратын  зауыт салынбақ.
    «Жазға қарай, Түркиялық «Yıldızlar SSS Holding» компаниялар тобымен бірлесіп, жылына 27 млн. шаршы метрге  дейін керамикалық плита және гранит шығаратын зауыт құрылысын жүргізетін боламыз. Биыл жобаның бірінші кезеңінің құрылысы басталады, қуаттылығы - 9 млн. шаршы метр.Осы жылдың көктемінде Арал қаласында кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт құрылысына кірісеміз. Бұл – республика бойынша, толығымен шет елдерден жеткізілетін кальцийлендірілген соданың 75%-ын отандық өніммен қамтамасыз ететін алғашқы заманауи зауыт болмақ»,-деді аймақ басшысы.
    Бұл жобаның бастамашысы болып табылатын «Аралтұз» индустрияландыру Картасы аясында тұзды өңдейтін екі испандық цехты  іске қосып,еңбек өнімділігін екі есеге арттырып, шетелдегі сауда нарығын ұлғайтуда.
    «Индустрияландыру – жаңа технологияларды енгізуге жол ашуы тиіс. Бұл - Мемлекет басшысының  биылғы «Қазақстан халқына Жолдауында біздің алдымызға қойған негізгі міндеттердің бірі. Бүгінде біз жалпы құны 500 млрд.теңгеден асатын 10 инвестициялық жоба бойынша нақты жұмыс жүргізудеміз», - деп атап өтті облыс әкімі.

14 ақпан 2018 ж. 623 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области