Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында дауыс берді

Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында дауыс берді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында дауыс берді. Аймақ басшысы № 101 мектепте орналасқан № 263 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

ҚР Президентінің 2020 жылдың 21 қазанындағы Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтіп жатыр.

Биылғы саяси науқанға мемлекеттік тіркеуден өткен 5 партия өкілдері қатысуда. Орталық сайлау комиссиясы өткізген жеребеге сәйкес партиялар келесідегідей ретпен орналасқан: «Қазақстан Халық партиясы», «Nur Otan», «Ауыл», «Ақ жол», «Адал».
Жалпы облыста 9 аумақтық сайлау комиссиясы, 376 сайлау учаскесі құрылған. Бүгінгі күні сайлаушылардың саны 492 мыңнан асты.

Дауыс беру орындарында барлық санитарлық талаптардың сақталуы бақылауға алынған. Бұған дейін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің № 69 қаулысы қабылданды. Қаулыда сайлау процесі барысында эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде бірқатар талаптар көзделген. Нақты айтатын болсақ, ғимаратқа кірер алдында сайлаушылардың байланыссыз термометр арқылы дене қызуы өлшенуі, маскалық режимнің және әлеуметтік қашықтықтың сақталуы, антисептиктердің болуы, қозғалыс маршруты бойынша қашықтық белгілер мен көрсеткіштердің болуы және т.б. талап етіледі.

Сайлау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға еш кедергісіз дауыс беру үшін жағдайлар жасалған, оларды тасымалдау үшін арнайы автокөліктер қарастырылған.
Ауыр халдегі науқастар үшін жәшіктерді тасымалдау арқылы үйінен дауыс беру шаралары ұйымдастырылуда.

Айта кетейік, өңірде әрбір сайлаушы өз сайлау учаскесін анықтау үшін Call-орталықтары («400-200», 109) және «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі, «Sailau2021.gov.kz» порталы жұмыс істеп тұр.
10 қаңтар 2021 ж. 131 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области