Сайлауға қатысқан барлық партия жергілікті мәслихаттардан мандат алды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына 152 мандат берілген. Сайлаудың қорытындысы бойынша барлық партия жергілікті мәслихаттардан мандат алды. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.
«Қазақстан Халық партиясы» – 4, «Nur Otan» партиясына – 126, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 5, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 15, «ADAL» саяси партиясына – 2 квота берілді.
Облыстық мәслихатта 33 депутат болады. Оның 27-і «Nur Otan» партиясынан, 3-і «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының, 3-і «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан.
Арал аудандық мәслихатқа 15 мандат берілген. 11-ін «Nur Otan» партиясы, екеуін «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, екеуін «ADAL» саяси партиясы иеленді.
Қазалы аудандық мәслихатта 15 мандат бар. «Nur Otan» партиясы – 13, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 квота алды.
Қармақшы аудандық мәслихатта 13 мандат бар. «Nur Otan» партиясы – 11, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 квота алды.
Жалағаш аудандық мәслихатта 12 мандат бар. «Nur Otan» партиясы – 10, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 квота алды.
Сырдария аудандық мәслихатта 12 мандат бар. «Nur Otan» партиясы – 10, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 квота алды.
Шиелі аудандық мәслихатта 15 мандат бар. «Nur Otan» партиясы – 13, «Қазақстан Халық партиясы» – 2 квота алды.
Жаңақорған аудандық мәслихатта 15 мандат бар. «Nur Otan» партиясы – 13, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 квота алды.
Қызылорда қалалық мәслихатта 22 мандат бар. «Nur Otan» партиясы – 18, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 2, «Қазақстан Халық партиясы» – 2 квота алды.
Айта кетейік, барлық деңгейдегі мәслихат депутатына квотаны 7 пайыз дауыс жинаған партиялар алады.