Қызылордада экология департаментінің басшысы тағайындалды⠀
Kyzylorda-news.kz. Бүгін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Жолдасов Зулфухар Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің жаңа басшысы Нұржан Өмірсерікұлын таныстырды.
Нұржан Өмірсерікұлы 1985 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда қаласының қаржы бөлімінде есепші болып бастаған. 2006-2008 жылдары Қызылорда облыстық басқармасының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы. 2008 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі болды. 2011-2014 жылдары-Қызылорда облысы Тексеру комиссиясы ұйымдастыру-құқықтық басқармасының басшысы. 2014-2018 жылдары Сырдария ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы лауазымдарын атқарған.
⠀Бүгінгі күнге дейін «Shimkent «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.Жолдасов Зулфухар Нұржан Өмірсерікұлын тағайындалуымен құттықтап, өңірдің экологиялық проблемаларын шешуде табыс және жемісті жұмыс тіледі.