Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада есептегі азамат сабын шығарып, халықты өніммен қамтып отыр

Қызылордада есептегі азамат сабын шығарып, халықты өніммен қамтып отыр

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат кір сабын шығару кәсібін дөңгелетіп отыр.
Шағын цехта күніне 350-400 келі сабын шығарып, сауда орындарына апарып өткізуде. Кәсіпкер кір сабынның дайындалу жолын түсіндірді.
«Үлкен қазандыққа табиғи қоспаларды, оның ішінде май өнімдерін қосып араластырып, қайнатып, каучук содасын қосқан соң, сабын өзінің реакциясын береді. Қоймалжың затты аппаратқа салып, шығарып, 1-2 сағат көлемінде кептіреміз. Одан соң арнайы қалыптар арқылы сабын түрінде шығарамыз. Дайын сабынға қызып тұрған кезінде мөр басамыз», – дейді кәсіпкер.
Халықты жергілікті өніммен қамтамасыз етуді көздеген кәсіпкер сабынның атауын «Сыр сабыны» деп атаған. Ол бұл кәсіппен 1 жылдан бері айналысып келеді. Оның айтуынша, аймақта сабынға сұраныс көп. Кәсіпкер дайын өнімдерді қала аумағындағы сауда орындарына өткізеді.
«Алдағы уақытта кәсібімді одан әрі дамыту ойымда бар. Пробация қызметкерлері қайтарымсыз несие алып беру мен бизнесті дамыту жайында білімімді жетілдіру үшін құжаттарымды дайындап жатыр», – деді есептегі азамат.
14 қаңтар 2021 ж. 171 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области