Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева Мәжіліс спикерінің орынбасарлары болды
Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасарлары лауазымына Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжілістің жалпы отырысы барысында Нұрлан Нығматулин өзінің орынбасарлары лауазымына Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева кандидатурасын ұсынып, оны депутаттар бірауыздан қолдады.
«Балайым Туғанбайқызы 6-шы шақырылым депутаты болған, тәжіріибесі мол білікті заңгер. Көп жылдар бойы әділет органдарында қызмет атқарды. 6-шы шақырылымда Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды. Заң шығару қызметіне белсенді қатысып, өзінің кәсіби шеберлігін көрсетті», – деді Мәжіліс Төрағасы.
Нұрлан Нығматулин екінші орынбасары Павел Казанцевтің жергілікті атқарушы органдарда жұмыс тәжірибесі мол екендігін, 6-шы шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты болғанын атап өтті.