Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰБТ ТАПСЫРУ КҮНIН АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ - ҚР БҒМ

ҰБТ ТАПСЫРУ КҮНIН АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ - ҚР БҒМ


    Ұлттық тестiлеу орталығының басшысы Рамазан Әлiмқұлов биыл тест тапсыру шарттары бiраз жеңiлдейтiнiн айтты.
    Бұл жайында ол Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысына дейiн берген сұхбатында мәлiмдедi, деп хабарлайды  BNews.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
    Рамазан Әлiмқұловтың айтуынша, ендi орынды себептер болған жағдайда, түлектерге Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi тапсыру күнiн ауыстыруға рұқсат етiледi. Бұған дейiн орынды себебi болса да түлек ҰБТ-ны өз тобында тапсырмаса, басқа топта тапсыра алмайтын. Ал, биылдан бастап осындай мүмкiндiк қарастырылған.
    "Биыл ҰБТ форматы өзгермейдi. Тестiлеу үш мiндеттi және екi таңдалған пән, барлығы бес пән бойынша өтедi. 2018 жылы тестiк тапсырмалар базасы 50%-ға жаңарды. Тест сұрақтарын дайындаған азаматтардың айтуынша, жаңартылған сұрақтар пәндi жаттамай, жақсы түсiнуге мүмкiндiк бередi", - дедi Ұлттық тестiлеу орталығының директоры.

14 ақпан 2018 ж. 649 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области