Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗТЕСТ СЕРТИФИКАТЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

ҚАЗТЕСТ СЕРТИФИКАТЫ ТАПСЫРЫЛДЫ


    ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. Бұл жүйе ІЕLТS және ТОЕҒL жүйелері бойынша тілді білуді бағалаудың көпдеңгейлі жүйесі негізінде әзірленген.
    Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында облысымызда жыл сайын сертификаттық тестілеу ұйымдастырылып келеді.
    2017 жылғы 29-30 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу өткізілді. Сертификаттық тестілеуге мемлекеттік тілді оқыту курсынан және ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша семинар-тренингтен өткен мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілерінен барлығы 200 адам қатысып, тестілеудің нәтижесі бойынша 134 адам сертификатқа ие болды.
    Сертификаттық тестілеудің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің В1 деңгейі бойынша 87 адам, яғни 54,4%, 9 адам С1 деңгейі бойынша – 5,7% көрсеткішті, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің В1 деңгейі бойынша 18 адам 45% көрсеткішті көрсетті.
    2017 жылғы 15 қаңтарда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ҚАЗТЕСТ сертификатын тапсыру рәсімі өткізілді. Іс-шараға облыс әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлері қатысты. Облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және әдістемелік жұмыстар бөлімінің басшысы Л.Есімова, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мұсаева ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша облысымызда ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар жайлы айтып өтті.
    Шара соңында сертификаттық тестілеуге қатысып, оң нәтиже көрсеткен мемлекеттік қызметшілер мен қызметкерлерге ҚАЗТЕСТ сертификаты тапсырылды.

17 қаңтар 2018 ж. 714 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области