Биыл кімдердің жалақысы өседі?
Kyzylorda-news.kz. Биыл бюджет саласындағы бір миллионнан астам қызметкердің жалақысы өседі. Бұл туралы премьер министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айтуынша, биыл 1,3 миллион адамға жұмыспен қамтудың әртүрлі шаралары ұсынылады. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,9 процентке дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Экономикада құрылатын жұмыс орындарының есебін толық жүргізу үшін жұмыспен қамтудың өңірлік жол карталары жасалады.
Бұдан бөлек, еңбек нарығын дамытудың 2022-2027 жылдарға арналған ұлттық жоспары әзірленеді.
Айтуынша, биыл 1,3 миллион адамға жұмыспен қамтудың әртүрлі шаралары ұсынылады. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,9 процентке дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
«Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру жалғасады. Бұл ретте тұрақты жұмыс орындарын құруға баса мән беріледі», – деді премьер Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Еңбек нарығын жаңа жағдайда бейімдеу үшін жұмыспен қамтудың жаңа түрлері енгізіледі. Экономикада құрылатын жұмыс орындарының есебін толық жүргізу үшін жұмыспен қамтудың өңірлік жол карталары жасалады.
Бұдан бөлек, еңбек нарығын дамытудың 2022-2027 жылдарға арналған ұлттық жоспары әзірленеді.
«Осы жылы бюджет саласындағы бір миллионнан астам жұмыскердің жалақысы өседі», деді Мамин.