Қызылорда: Коронавирус инфекциясынан емделіп шыққан 151 адам оңалту орталығына жіберілді

«Былтыр аймақтың медициналық ұйымдары 1,41 млрд теңгеден астам сомаға оңалту қызметтерін көрсетті. Сондай-ақ, қордан індетпен күресте аянбай еңбек еткен 16 мың медицина қызметкеріне үстемақы берілді. 19 мың адам провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарда емделді. Оларға да қордан қаржы бөлінді», – деді Бақыт Торғайбайұлы.
Бүгінде аймақта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне 648,5 мың азамат тіркелді. Яғни, облыс тұрғындарынан 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 14,7 млрд. теңге қаржы түскен. Оның 11,8 млрд.теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, ал қалған 2,9 млрд.теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.