Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданында 16 жоба іске асырылды

Арал ауданында 16 жоба іске асырылды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың халық алдындағы есепті кездесуі бастау алды. Бұл – жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін маңызды жиын.

Биыл пандемия жағдайына байланысты және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында есепті кездесулер онлайн форматта өткізілуде.

Аудан әкімі алғашқы болып «Zoom» бағдарламасы арқылы Аққұм, Қарақұм, Жіңішкеқұм, Сазды, Мергенсай, Қосаман ауылдық округтерінің тұрғындарымен онлайн байланысқа шықты. Кездесу барысында өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

«Өткен жылы ауданда «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 16 жоба іске асырылды. Бұдан бөлек, барлығы 3,1 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылды. Оның ішінде Арал қаласынан 1 қабатты 4 пәтерлі 10 тұрғын үй, Арал қаласынан қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон, 250 орындық оқушылар үйінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Шижаға елді мекенінен дәрігерлік амбулатория ғимараты салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Арал қаласындағы 33 көшенің 25-не асфальт жабындысы, 8 көшеге қиыршық тас төселді. Шөміш, Қарашалаң елді мекендерімен Арал қаласындағы №1 мөлтек ауданы ауыз су жүйесіне қосылды. Жақсықылыш кентіне көгілдір отын жеткізілді», – деген аудан әкімі жыл көлеміндегі жүргізілген жұмыстарға кеңірек тоқталып өтті.

Жыл бойы атқарылған жұмыстармен жан-жақты танысқан елді мекен тұрғындары жиында өздерін толғандырған ұсыныстарын жеткізді. Аққұм ауылдық округінің тұрғындары балабақша мен көгілдір отын мәселесін, Қарақұм мен Жіңішкеқұм ауылдық округінің тұрғындары жол құрылысының аяқталуын сұраса, Қосаман мен Мергенсай халқы жол және ауыз су мәселесінің шешілуін назарға алуды ұсынды. Сазды ауылдық округінің тұрғындары ауыл көшелерін толықтай жарықтандыру қажеттігін айтты.

Ауыл тұрғындары тарапынан туындаған сауалдарға тиісінше жауап берген аудан әкімі қозғалған мәселелер назарда болып, шешімін табуы үшін тиісті шаралар жүргізілетінін мәлімдеді.
29 қаңтар 2021 ж. 169 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области