Қазақстанда үш ұлттық жоба бекітіледі

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.
Ұлттық жобаның бірі агроөнеркәсіп саласын дамытуға бағытталса, екінші жоба су ресурстарын басқару тетіктерін реттейді. Сондай-ақ «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы да бекітіледі. Кешенді жоспарлар қатарында заңсыз сауда айналымымен күрес, вакцинациялау және мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру шаралары бар. Үкімет басшысы Асқар Мамин биыл экономикалық өсімді 3 процент деңгейінде қамтамасыз етіп, ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,4 есеге арттырып, негізгі капиталға инвестицияны 20 процентке жеткізу қажеттігін тапсырды.