Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық ұстаз «Үздік оқытушы» атанды

Қызылордалық ұстаз «Үздік оқытушы» атанды

Kyzylorda-news.kz. Сырбойылық Нұрғали Ақылбеков республика бойынша үздік оқытушы атанды.

Үздіктерді анықтайтын байқауға еліміздің 73 оқу орынан 623 оқытушы қатысты. Байқау пандемияға байланысты онлайн форматта өтті. Әр өңірдің үздіктері 3 кезең бойынша педагогикалық және ғылыми шеберлігін шыңдады.

«Қорқыт ата атындағы университетінде физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісімін. Бұндай байқауға алғаш рет қатысуым. Еліміз бойынша 150 оқытушы үздік деп танылды. Дода да оқытушылардың ғылыми-педагогикалық қызметі сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Сондай-ақ, әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін грантқа ие болдым», – деді жас ғалым.

Бүгінде жас оқытушының сегіз жылдық еңбегі Web of Science және Scopusтың басылымдарына жарияланды. Яғни, шетелдік, халықаралық және республикалық конференциялар мен симпозиумдардағы материалы мен баяндама тезистері, 104 ғылыми мақаласы жарық көрді.
02 ақпан 2021 ж. 248 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области