Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: НҰРҒАЛИ АҚЫЛБЕКОВ

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: НҰРҒАЛИ АҚЫЛБЕКОВ

Жастайынан білім, ғылым жолын қуалап, өз білгенін өзгелерге үйретіп жүрген жас ғалым Нұрғали Ақылбеков «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жалпыұлттық жобасының екінші кезеңі бойынша Қызылорда облысынан үміткер. Ол былтыр «ДАРЫН» мемлекеттік жастар сыйлығының «Ғалым» номинациясы бойынша лауреаты атанған болатын.
"Жас ғалымдар альянсы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрғали Ақылбеков еліміздегі химия ғылымының дамуына зор үлес қосып, ғылымды дамытуға, жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған жастардың инновациялық жобаларының халықаралық көрмелерінде, бірнеше шетелдік, республикалық және халықаралық конференцияларға қатысып, өзінің көшбасшылығын танытып жүр.
Нұрғали Ақылбеков 1989 жылы 11 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «химия» мамандығы бойынша бітірген, педагогика ғылымдарының магистрі. Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетінің аспиранты.
Ол алғаш еңбек жолын Қорқыт Ата атындағы ҚМУ инженерлік бейіндегі зертхана инженері ретінде бастап, ғылыми еңбектер мен патенттердің авторы атанды.
Жас ғалым Қызылорда қаласында өткен «EXPO-2017, КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК» инновациялық жобалар мен идеялар жәрмеңкесінде жүлделі І орын иеленді. 2014 жылы Қызылорда облысы әкімінің облыс жастарына арналған «Сыр Үміті» жастар сыйлығының иегері. 2017 жылы республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығының иегері, 2017 жылы 13-15 қарашада Италияның Милано Мариттима қаласында өткен Жас Химиктер Симпозиумының (Merck Young Chemists Symposium 2017 (MERCK-2017), Milano Marittima, Italy, 2017) қатысушысы.
Оның Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы өнертабыстық және инновациялық патенттері түріндегі 73 ғылыми еңбектері жарық көрді.
05 қараша 2018 ж. 876 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области