Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «42 500 теңгені кімдер қайтаруы тиіс»: мемлекеттік сақтандыру қоры түсініктеме берді

«42 500 теңгені кімдер қайтаруы тиіс»: мемлекеттік сақтандыру қоры түсініктеме берді

Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік желіде декретке шыққан келіншектердің арыз-шағымы тарады. Олар төтенше жағдай кезінде 42 500 теңгені алған, енді бір жасқа дейін бала күтіміне берілетін жәрдемақы төленбей жатыр. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры осы мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айта кетейік, былтыр төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған адамдарға 42 500 теңгеден көмек берілген болатын. Ол ақша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есебінен төленді. Бұдан бөлек, заң бойынша қордан еңбекке жарамсыз болып қалу, асыраушысынан айырылу, жұмыссыз қалу, жүктілік пен босану, жаңа туған баланы асырап алу және бір жасқа дейін бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер беріледі.

Қордың әлеуметпен байланыс департаментінің директоры Гүлбағила Болатбекованың айтуынша, әлеуметтік төлемді тағайындау кезінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры тексеріс жүргізуге құқылы. Себебі төтенше жағдай кезінде кейбір адамдар жұмыс істеп, жалақы алса да, өз бетінше 42 500 теңгеге өтініш жіберген.

«Әйелдің жалақы алғаны, сондай-ақ, бір мезгілде төтенше жағдай және (немесе) карантин кезеңіне төлем алғаны анықталған жағдайда алынған 42 500 теңге көлеміндегі төлемді ерікті түрде қайтаруы қажет», – дейді Болатбекова.

Осы орайда департамент басшысы төтенше жағдай мен карантин кезінде кірісінен айырылғаны туралы жалған мәлімет бергені үшін өтініш берушінің өзі жауапты екенін ескертті.

«Ал, шынымен де, еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болған және көрсетілген кезеңде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алған өтініш берушілер басқа төлемдерге өтініш жібергенде 42 500 теңгені қайтармайтынын атап өткен жөн», – дейді Болатбекова.

Маман бір жасқа дейін бала күтіміне төленетін жәрдемақы қалай есептелетінін де түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, төтенше жағдай болған айлар есептен алынып тасталады. Себебі ол кезде адамның кірісі болмаған. Соның орнына алдындағы айлардың табысы есептеледі. Осылайша әйелдің орташа табысы анықталады да, әлеуметтік төлем тағайындалады. Оған 12 айдың ішінде өтініш беруге болады.
03 ақпан 2021 ж. 106 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области