Қызылордада 5 колледждің материалдық базасы жаңарады
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада мектептер мен колледждердің материалдық-техникалық базалары жаңартылуда, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.
Өткен жылы «Жас маман» жобасы аясында 4 колледжге соңғы үлгідегі техникалар алынған. Бұл үшін қазынадан 1,2 млрд.теңге қаржы қаралған. Ал, биыл 5 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңарады. Жұмысшы мамандарды даярлауға қажетті техникаларды алуға 1,3 млрд.теңге қаржы бөлінген.
Аймақта мектептердегі компьютерлер паркін жаңғырту жұмыстарына да ерекше мән берілді. Қашықтан оқыту кезінде облысқа республикалық бюджеттен 22870 компьютерлік техника алынған. Нәтижесінде мектептерде бұрын 12 балаға бір компьютерден келсе, қазірде 7 балаға бір компьютердер бөлініс жасалған.
Мұнан бөлек, өткен жылы білім беру ошақтары физика, биология, химия пәндері бойынша 236 жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен толыққан. Сондай-ақ, жаңадан 42 мектепке «3Д модельдеу» жабдықтарымен алынған.
Айта кетейік, облыста 301 мектеп, 30 колледж бар.