Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралдан шыққан емші бала үйленді

Аралдан шыққан емші бала үйленді

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық емші бала Ерболсын Серікбай бойдақтықпен қоштасып, ақ құсын қолына қондырды.

Ерболсын Серікбай шаңырақ көтерді. Емші бала бұған дейін де үйленетінін бірнеше рет айтқан еді.

«Бәріне сәлем. Ең алдымен Аллаға шүкір етем. Маған жарық дүниені көрсеткені үшін тәубе деймін. Маған бар жақсыны берген, тәрбиелеген ата-анама алғыс айтам. Менің үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамым. Осы таңдауды жасауға қолдау көрсеткен барша туысыма, жақындарыма рахмет. Мадикош, Алла біздің өмірлік жолымызды ұзағынан қылсын. Әмин», – деп жазды Ерболсын парақшасында.

Емші бала қалыңдығымен бірге түскен суретін жарялады.

Көпшілік ақ батасын айтып, құтты болсын десті.

«Көтеріп жатқан шаңырақтарың биік, босағаларың берік болсын! Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын! Өмірлері күндей, көңілдерің гүлдей, армандарың асқар таудай болсын», «Шаңырақтарын құтты болсын», «Бақытты болыңдар, бақтарың ашылсын», «Өмірлерің ұзақ, бақыт сәттерің көп, бала-шағаларың көп болсын, «Өмірлік қадамың құтты болсын», – деп жазды көпшілік.

09 ақпан 2021 ж. 176 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области