Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада: Медиация заңына өзгеріс енгізуді ұсынды

Қызылордада: Медиация заңына өзгеріс енгізуді ұсынды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада Достық үйінде кәсіби және қоғамдық медиаторлармен кездесу өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында медиация институтының әлеуетін қоғамдық келісімді нығайту жұмысында толықтай пайдалану қажеттігін, қайсыбір дау болмасын барлығын компромиске келу арқылы алдын-ала шешудің маңыздылығын атаған болатын. Осы орайда Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кабинеті 2016 жылы 31 наурызда ашылып, өз жұмысын қарқынды түрде жүргізіп келеді.

Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар төңірегінде «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, медиация кабинетінің жетекшісі Қ. Ақылбеков жалпы мағлұмат беріп өтті.

«Өткен жылы облыс көлемінде медиация институтын насихаттауға бағытталған барлығы 56 түрлі форматты іс-шаралар ұйымдастырылса, аталмыш шараларға 1500-ға жуық тұрғын қамтылды. Қоғамдық медиаторлармен барлығы 667 дау шешілсе, оның ішінде 100 дау бойынша сотқа дейін, 108 дау бойынша сотта медиациялық келісім орнатылған. Ал 459 дау қоғамдық медиаторлардың кеңес беруі нәтижесінде тоқтатылды,- деді.

Кездесуде бірқатар медиаторлар Медиация заңына өзгерістер енгізу, оны халық арасында кеңінен насихаттауды өрбіту, республикалық деңгейдегі лекторлардың қатысуымен оқу, семинарлар ұйымдастыруды ұсынды. Ұсыныс, пікірлер тыңдалып, назарға алынды.
11 ақпан 2021 ж. 118 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области