Қызылордада білім беру ұйымдарының асханаларына жұмыс жасауға рұқсат етілді
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жанабергенова жаңа қаулыға қол қойған болатын. Қаулыға сай Қызылордада мектептер мен оқу орындарындағы асханалардың жұмыс жасауына рұқсат берілді.
Қаулыдан:
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №67 Қаулысының 46-қосымшасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың және 2020 жылғы 28 тамыздағы енгізілген толықтырулардың талаптарына сәйкес, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимін, келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау және асханаларды тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нан аспайтын толтыру шартымен білім беру ұйымдарындағы контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық дәстүрлі форматта оқитын мектептер, 1-ден 5-ші сыныпты қоса алғанда, оқу бітіретін 9, 11 (12) сыныптардағы оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының І курс студенттері үшін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат ету».
Құжатта қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілетіндігі жазылған.