Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы ажырасу бойынша ең төменгі көрсеткішті көрсетті

Қызылорда облысы ажырасу бойынша ең төменгі көрсеткішті көрсетті

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың үш тоқсанында елде 87,6 мың неке және 17,3 мың ажырасу жағдайы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда некелер саны 15,7%-ға, ал ажырасулар саны бірден 2,6 есеге қысқарды.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте ажырасу мен некелесу қатынасы рекордтық төмен көрсеткіш — 19,8%-ды құрады, ал өткен жылы көрсеткіш, керісінше, рекордтық жоғары теріс мәнге — 43,5%-ға жетті.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте елдегі тіркелген некенің 69%-ға жуығы, яғни 60,4 мыңы қалаларға тиесілі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,5%-ға аз. Ауылдық жерлердегі тіркелген некелер саны бір жылда 11,6%-ға, яғни 27,2 мыңға дейін қысқарды.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ҚР-да ажырасу жағдайларының 73,4%-ы, яғни 12,7 мыңы (бір жыл бұрын — 73,3%) қалаларға, ал 26,6%-ы, яғни 4,6 мың ауылдық жерлерге тиесілі болды. Бұл ретте қалалық және ауылдық жерлерде де ажырасулар саны бір жылда 2,6 есеге қысқарды.

ҚР барлық өңірінде неке саны азайды. Көрсеткіш Шымкентте (-27,4%), Қостанай облысында (-19,8%) және Алматыда (-18,3%) төмендеді. Ең аз төменгі көрсеткіш Қызылорда (-10,2%), Павлодар (-10,5%) және Түркістан (-11%) облыстарында байқалды.

Ел бойынша ажырасу жағдайларының саны аз. Ажырасу санының анағұрлым төмендеуі Қызылорда (4 есе), Атырау (3,7 есе) және Батыс Қазақстан (3,1 есе) облыстарында байқалды.
10 ақпан 2021 ж. 106 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области