Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Президент мақаласы Брайль жүйесінде жазылды

Қызылордада Президент мақаласы Брайль жүйесінде жазылды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы жарияланған болатын.

Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының кітапханашысы, І топ көз мүгедегі Ақмарал Нүрлиева зағип жандар үшін осы мақаланы брайль қарпінде жазып шықты. Ол өзі секілді мүмкіндігі шектеулі жандардың сұранысы сәйкес осы еңбекті жасағанын айтады.

«Мүмкіндігі шектеулі жандар да ел жаңалықтарынан, мемлекеттің саясатынан хабардар болғысы келеді. Олар да өз хәлдерінше Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына үлестерін қоспақ ниетте. Сол мақсатта маған Президент мақаласын оқу үшін брайль қарпінде жазуымды өтінді. Мен бұл ұсынысты қуана қабылдадым, – деді Ақмарал Нүрлиева.

Сондай-ақ арнаулы кітапхана жанындағы дыбыс жазу студиясы мақаланың дыбыстандырылған нұсқасын дайындап, тыңдармандарына ұсынды. Оқырмандар кітапхана қоры құнды дүниелермен толыққанына қуанышты.
12 ақпан 2021 ж. 120 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области