Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыс әкімі: Қызылорда облысында аудандық орталық ауруханалар салу мәселесін толығымен шешілді

Облыс әкімі: Қызылорда облысында аудандық орталық ауруханалар салу мәселесін толығымен шешілді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова 2020 жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша халық алдындағы есепті кездесуінде аймақта аудандық орталық ауруханалар салу мәселесі толығымен шешілгенін айтты.

«Біз аудандық орталық ауруханалар салу мәселесін толығымен шештік. Енді алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін 62 нысанды 2024 жылға дейін жаңартуды жоспарлап отырмыз», – деді Гүлшара Наушақызы.

Оның ішінде биылғы жылы Жаңақорған ауданындағы Жаңарық, Жалағаш ауданындағы Таң ауылдарында дәрігерлік амбулатория құрылысы басталады.

Сондай-ақ, өңірде 23 нысанның, атап айтқанда, 14 амбулатория, 9 медпункт жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылы індетпен тікелей күрескен 3 мыңнан аса медицина қызметкеріне 3 млрд теңге көлемінде үстемеақы төленгенін айтты. Сонымен қатар, 20 медицина қызметкері жоғары мемлекеттік наградамен, 107 қоғам белсендісі (еріктілер, медицина қызметкерлері, меценаттар) «Халық алғысы» медалімен марапатталған.
17 ақпан 2021 ж. 134 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области