Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы әкімінің есепті кездесуі басталды

Қызылорда облысы әкімінің есепті кездесуі басталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың халық алдындағы есепті кездесуі басталды.

Аймақ басшысы 2020 жыл еліміз үшін өте күрделі болғанын айтты.

«Әлемдік пандемия қалыпты тіршілігімізге айтарлықтай әсер етіп, экономикамыздың даму үдерісін тежеді. Қызметтің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізілді. Әлемді шарпыған бұл індет біздің аймағымыз үшін де үлкен сынақ болды. Ұлтымыздың ұлы ақыны, дана Абайдың «Бейнет көрмей, дәулет жоқ»деген кемеңгерлік қағидасына сүйеніп, барша халықтың берекелі бірлігінің, тынымды тірлігінің арқасында бұл қиындықты да еңсере білдік. Сыр халқы қай кезде де қиындыққа мойыған емес. Бұл жолы да біз табандылығымызды танытып, бір-бірімізге қолдау білдірдік», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы бүгін облыс әкімі ретінде қызылордалықтардың алдында алғаш рет есеп бергелі отырғанын да айтты.

«Пандемия жағдайына байланысты биыл есепті кездесулер онлайн форматта өтуде. Тек ауылдық округ әкімдері, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, халық алдында дәстүрлі форматта есеп берді. Облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында 178 есепті кездесулерін өткізіп, онда 700-ге жуықсұрақтармен ұсыныс-пікірлер келіп түсті. Барлығына міндетті түрде жауап беріледі», – дейді Гүлшара Әбдіқалықова.
17 ақпан 2021 ж. 271 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области