Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Сыр Самалы» балабақшасының қызметкерлері прокурорға шағымданды

«Сыр Самалы» балабақшасының қызметкерлері прокурорға шағымданды

Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс прокуроры, аға әділет кеңесшісі Нұрлан Бижанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауда болған азаматтардың өтініштері негізінен азаматтық және әкімшілік істер заңдылығына байланысты болды.

Атап айтсақ облыс прокурорының қабылдауында болған азаматтар өздерін «Сыр Самалы» бөбекжай балабақшасының қызметкерлері екенін айтып, аталған балабақша меңгерушісінің іс-әрекеттеріне қатысты наразылықтарын білдірді.

Айтылған шағым бойынша Нұрлан Бижанов аталған арыз иелерінің бұған дейін білдірген арыздары тиісті салалық мекемелерге жолданғанын түсіндіріп, қосымша сұрақтарына қатысты нақты зерделу жұмыстарының жүретіндігін және тиісті жауабы берілетіндігін айтты.

Сондай-ақ, мәселеге орай қабылдауға қатысқан қалалық білім бөлімінің басшысына ұжымдағы ахуалды орнықтыруға қатысты ұсынысын жеткізді.
18 ақпан 2021 ж. 96 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области