Облыс әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді
Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар оқу ақысына жеңілдік, емделуге квота бөлу және жұмысқа орналасу секілді мәселерді алға тартты.
Мәселен, қабылдауға келген азаматтардың бірі қала тұрғыны Жұлдызай Мұстафаева. Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ақылы негізде білім алып жатқан қызының оқу ақысын төлеуге жағдайы келмей отырғандығын айтып, партия қабылдауына демеушілік көмек сұрап келді. Қабылдауға университет проректоры Жандос Базартай қатысып, өтініш иесінің сұранысына сай университет тарапынан 50 пайыз жеңілдік көрсетілетінін және «Айдан-Мұнай» компаниясы осы оқу жылының қалған қаражатын төлеп беруге келісім жасалғандығын айтып қуантты.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі баласының жағдайына байланысты емдетуге квота сұрап келген Аяш Тоғызбаеваның да мәселесі оң шешімін тапты. Яғни, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ақысыз негізде тексеріліп, ем алуға мүмкіндік алды.
Барлық азаматтардың өтініштері тыңдалып, өзектілігіне қарай заң аясында кеңсетер берілді.