ӨТІНІШТЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев азаматтарды қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.
Қабылдауға бірнеше азамат келді. Олардың бірі жұмыс сұраса, енді бірі баласын емдетуге демеушілік көмек қажет екендігін алға тартты.
Сондай-ақ қабылдауда көршілерінің малы қорасын бұзып ауласындағы алажаздайғы еңбегі, егінін қайта-қайта таптағаны үшін учаскелік полицияға мал иелеріне әкімшілік шара көру жөніндегі арызының нәтижесіз қалуына шағымданған азамат та болды.
Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, мәселелердің мүмкіндігінше шешілуіне қолдау көрсететіндігін айтты.
-«Нұр Отан» партиясының қабылдауына түрлі өтініштермен күніне көптеген азаматтар келеді. Басым бөлігі жұмыс, ақша сұрайды. Біздер әрбір өтінішті заң аясында тіркеп, мазмұнына сай партия белсенділері, мәслихат депутаттары және өзгеде мемлекеттік орган басшыларымен бірлесіп орындалуына қолымыздан келгенше тырысып жатырмыз.
Арыз шағымдарда тікелей өзімнің бақылауымда болады,- деді шағымын айтып келген азаматтармен тілдескен Ибадулла Құттықожаев.