22 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Дүйсенбі еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
22 ақпанда фaронтальды құрылымдардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауады, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен солтүстігі жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу боран соғады, жел күшеюі мүмкін.