Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 1 мыңнан астам медицина қызметкеріне үстемеақы төленді

Қызылордада 1 мыңнан астам медицина қызметкеріне үстемеақы төленді

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың қорытындысы бойынша COVID-19 және вирустық пневмониямен күреспен айналысатын аймақтың 15 536 медицина қызметкеріне қаржылық қолдау көрсетілді. Өткен жылда бұл мақсатта 3 млрд. 002 986 мың теңге бағытталды. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

2020 жылдың наурыз айынан 2021 жылдың қаңтарға дейін ынталандыру төлемдері бөлінді:

наурызда – 476 медицина қызметкеріне 63 291,2 мың теңге сомасында;
сәуірде – 1 921 медицина қызметкері, 319 305,9 мың теңге;
мамырда – 1 784 медицина қызметкері, 317 273,2 мың теңге;
маусымда – 1 906 медицина қызметкері, 419 430,9 мың теңге;
шілдеде – 3 452 медицина қызметкері, 947 557,1 мың теңге;
тамызда – 2 453 медицина қызметкері, 407 345,1 мың теңге;
қыркуйекте – 839 медицина қызметкері, 96 410,1 мың теңге;
қазанда – 896 медицина қызметкері, 124 207,2 мың теңге;
қарашада – 825 медицина қызметкері, 138 734,5 мың теңге;
желтоқсанда – 984 медицина қызметкері, 169 430,7 мың теңге;
2021 жылғы қаңтар айында – 1062 медицина қызметкеріне 152 767,9 мың теңге сомасында.
Естеріңізге сала кетейік, көтермелеу сомасы еңбек жағдайларының қауіптілік дәрежесіне байланысты және сәйкесінше 20, 10 және 5 ЕТЖ құрайды.
24 ақпан 2021 ж. 115 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области