БҮГІН ҚАЗАҚСТАНДА ҚАР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ ЖӘНЕ ТҰМАН ТҮСЕДІ
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады. Кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында және орталық өңірінде көктайғақ болады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні – 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, желдің екпіні – 15-20 м/с.
Павлодар облысында түнде желдің екпіні – 18 м/с, боран төменнен соғады. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола және Қостанай облыстарының кей жерлерінде боран төменнен соғады, Қостанай облысында тұман түседі. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.