ЕЛДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ТҰМАН ТҮСІП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Атмосфералық фронталды ағымдардың өтуіне байланысты республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.
Қазақстанның өзге аумақтарында қар жаумайды. Кей жерлерге тұман түседі.
Алматы облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, Жалаңашкөл аймағында жел секундына 18-23 метр жылдамдықпен соғады. Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырау, Маңғыстау облыстарының бірқатар аймақтарында жел 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түседі. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында түман түсіп, боран соғып, Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Ақтөбе облысында түман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.