СЕЙСЕНБІДЕ РЕСПУБЛИКАНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ҚАР ЖАУАДЫ
Бүгін, 6 ақпан күні атмосфералық фронталды ағымдардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Тек елдің оңтүстігі мен солтүстік-батысында ғана қар жаумайды. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады, жел күшейеді.
Алматы облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, Жалаңашкөл аймағында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-23 метрге дейін ұйытқиды.
Батыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында боран, көктайғақ болып, түнде жел секундына 15-20 жылдамдықпен соғады.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, түнде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында тұман түседі деген болжам бар.