Қызылордада заңсыз қару алып жүрген тұрғын анықталды
Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Ботабай ауылына қарасты егістік алқапта 26 жастағы ауыл тұрғынын тоқтатып тексеру кезінде өзімен бірге ІІО тіркеуде жоқ, 16 калибрлі, 2 ұңғылы аңшы мылтығын алып жүргені анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабымен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.