Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 14,3 мың гектар жерге сексеуіл егіледі

Қызылордада 14,3 мың гектар жерге сексеуіл егіледі

Kyzylorda-news.kz. Биыл өңірде 14,3 мың гектарға сексеуіл көшеттері егіледі. Жоспарланған көлемнің 1000 гектарына көктем айларында, ал 13,3 мың гектар жерге агротехникалық талаптарына сәйкес күзде сексеуіл тұқымдары себіледі. Сексеуіл Арал теңізінің құрғаған ұлтанына егіледі.

«Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 594,1 мың га жерге орман потологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған қоса, заң бұзушылықтардың алдын-алу, оны анықтау мақсатында 43 рейд ұйымдастырылды. Оның ішінде, орман тәртібін бұзған 23 жағдай, аң және балық аулау бойынша 6 дерек анықталды. Сондай-ақ, орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында 7 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндіруші қызмет атқарады», – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жұлдызай Айтжанова.

Сонымен қатар, ағаш көшеттерін өсіретін 100 гектарға уақытша орман тұқымбағы ұйымдастырылады.
04 наурыз 2021 ж. 225 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области