Қызылордада самбодан Қазақстан чемпионаты басталады
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 17-19 наурыз күндері «Евразия» спорт кешенінде самбодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған спорттық шараны ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық самбо федерациясы ұйымдастыруда.
Дүбірлі бәсекеде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстардан 2003-2004 жылдары туған ұлдар мен қыздар 18 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасады.
Жарыс қорытындысында әлем және Азия чемпионаттарына қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады.
Жарысқа бас төрешілік қызметті атыраулық Ербол Төлеген атқарады.
Ел чемпионаты 17 наурыз күні сағат 10.00-де басталады, 17.00-де салтанатты ашылуы өтеді. Залда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар толығымен сақталады.