Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » САМБОДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ

САМБОДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ


17-18 наурыз аралығында Қызылордада самбодан жастар арасында ҚР чемпионаты өтеді. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен 1998-1999 жылдары туылған 400-ге жуық жас спортшы қатысады деп күтілуде.
Жарыс ұлдар арасында 10 салмақта (48, 52, 57, 62, 68, 74, 82, 90, 100, +100 келі), қыздар арасында 10 салмақта (44, 48, 52, 56, 60, 64, 68, 72, 80, +80) өткізіледі.
Ел чемпионатында топ жарып, жеңімпаз атанған спортшыларға «Спорт шебері» және күміс пен қола жүлде иегерлеріне «Спорт шеберіне үміткер» деген атақ беріледі. Сонымен қатар жеңімпаздар мамыр айында Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өтетін Азия чемпионатына және қазан айында Грузияның Тблиси қаласында болатын Әлем чемпионатына жолдама алады.
Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР Спорт және дене шнықтыру істері комитеті, ҚР спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Ел чемпионаты 17 наурызда сағат 10.00-де «Евразия» спорт кешенінде басталады, 16.00-де салтанатты ашылуы өтеді.
Жерлестерімізге жанкүйер болып, спортшыларымызға қолдау көрсетіңіз, ардақты ағайын! Кіру тегін!



15 наурыз 2018 ж. 763 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области